Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бахтияр Жазықпаев 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Шымкент университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында маман ретінде бастаған.
2010–2014 жылдары жеке секторда түрлі қызметтер атқарған.
2014–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бөлім бастығынан бастап басқарма басшысына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018–2023 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамында Деректерді талдау және өңдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.
2023–2024 жылдары осы орталықта Стратегия және ірі деректерді талдау департаментінің директоры болды.
2024–2025 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.
2025 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған орталықтың вице-президенті қызметін атқарып келді.
