Түркістан қаласында көктемнің ең көркем сәттерінің бірі – сакура гүлдеу кезеңі басталды. Қаланың көрікті аймақтары нәзік қызғылт гүлге оранып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.
Сакура ағаштарының гүлдеуі Түркістанның туристік тартымдылығын арттырып, серуендеушілер мен фотосүйер қауым үшін нағыз табиғи көрініске айналды. Күн шуағымен астасқан гүлдер қаланың тарихи келбетімен үйлесіп, әсем панорама қалыптастырады.
Көктемгі бұл қысқа ғана кезең – табиғаттың ең нәзік әрі әсерлі сәттерінің бірі. Осы мезетті тиімді пайдаланып, қала тұрғындары таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығын тамашалауда.
Сакураның гүлдеуі Түркістанда көктемнің толық келгенінің белгісіндей әсер қалдырады.
