Созақ ауданында мемлекеттік гранттың қолдауымен жаңа кәсіп бастауға мүмкіндік алған азаматтардың бірі – Мәншүк Аманбаева.
Кәсіпкер 1 572 800 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, пластикалық терезе өндіретін цех ашқан. Қазіргі таңда ол пластикалық терезе жасап, тапсырыс орындау арқылы айына 100-120 мың теңге көлемінде табыс тауып отыр.
Кәсіп иесі өз кәсібін дамытып қана қоймай, тағы бір азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мемлекеттік гранттың тиімділігі – азаматтарға дайын жұмыс күтпей, өз кәсібін бастап, табыс табуына және жаңа жұмыс орындарын құруына мүмкіндік беруінде. Маншук Аманбаеваның пластикалық терезе өндіру цехы – осындай қолдаудың нақты нәтижелерінің бірі.
