Созақ ауданында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның бірі – «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы.
Аталған жоба аясында аудан бойынша 354 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болатын. Алайда 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіш артығымен орындалып, 566 жаңа жұмыс орны құрылды.
Осылайша, жоспарланған 354 жұмыс орнының орнына 566 жаңа жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 160 пайызға жуық орындалды.
Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – аудан тұрғындарын тұрақты еңбекке тартудың, жұмыссыздық деңгейін төмендетудің және халықтың табысын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың еңбек етуіне және тұрақты табыс табуына мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруға басымдық берілмек.
