Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округінің тұрғыны Қалмырзаев Манап Жанбекұлы мемлекеттік гранттың көмегімен көпфункционалды металл құралдар өндіретін кәсібін ашты.
Көпбалалы отбасы мүшесі Манап Жанбекұлы 1 572 800 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Бүгінде кәсіпкер металлдан түрлі тұрмыстық және шаруашылыққа қажетті құралдар жасап, тапсырыс бойынша өнім өндіреді.
Кәсіпкердің айтуынша, өндіріс арқылы айына 100-120 мың теңге көлемінде табыс табуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жоба аясында бір азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік грант кәсіпкерге кәсібін бастап қана қоймай, табысын арттырып, өзге азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
