Сауран ауданында табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді.
Аталған іс-шара Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылып, бұлақ көздерін тазарту, табиғи су көздерін сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әкімшілік басқармасының басшысы Т. Мыңбаев және Сауран ауданы әкімінің орынбасары Б. Букебаев қатысып, бұлақ көзін ашу жұмыстарына қатысты. Кездесу барысында табиғатты қорғау, су көздерін сақтау және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.
Акция аясында бұлақ көздері аршылып, айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, бұлақ маңындағы аумақ ретке келтіріліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау және көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар табиғи ортаны сақтау және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталды. Іс-шараға қатысқан ерікті жастар тазалық жұмыстарына белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттауға үлес қосты.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
