Жақсылық Омар қатысты сот үкімі шықты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары және Өскемен қаласының бұрынғы әкіміне қатысты істі қараған сот оны кінәлі деп таныды.
2026 жылғы 3 сәуірде Өскемен қалалық сотының шешімімен Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот материалдарына сәйкес, ол аса ірі мөлшерде пара алу және алаяқтық жасау фактілері бойынша айыпталған. Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті 2026 жылдың ақпан айында ұсталған.
Сот процесі барысында Жақсылық Омар өз кінәсін толық мойындағаны белгілі болды.
Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Бұл іс қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.
