Қазақстан Республикасы Конституциясына ұсынылған өзгерістер – әділетті әрі жауапты қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болмақ. Бұл бастамалар азаматтардың құқығын нығайтып қана қоймай, мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға жол ашады. Сонымен қатар, мәдениет пен руханият саласының дамуына, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қоғам санасын жаңғыртуға берік негіз қалайды.
Мәдениет – ел бірлігінің, қоғамдық сананың айнасы. Сондықтан Конституциялық өзгерістер мәдени саладағы ашықтықты, әділдікті және шығармашылық еркіндікті нығайтып, ұлттың рухани әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Ел болашағы үшін жасалған бұл өзгерістерді қолдау – саналы азаматтың таңдауы деп білемін.
Жанар Жаңабекқызы,
Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
