Созақ ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін бастап, отбасылық табысын арттырып отырған азаматтар бар. Солардың бірі – Шолаққорған ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Қаитбаева Сәуле Жұмабайқызы.
Сәуле Жұмабайқызы 2025 жылы 1 млн 572 мың 800 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, кондитерлік және нан өнімдерін өндіру кәсібін бастаған. Бүгінде кәсіпкер түрлі нан және кондитерлік өнімдер дайындап, сатып, айына 100-120 мың теңге көлемінде табыс тауып отыр.
Кәсіптің нәтижесінде 1 азамат жұмыспен қамтылған. — Грант — кәсіп бастауға үлкен мүмкіндік берді дейді кәсіпкер.
– Мемлекеттік грант сізге қандай мүмкіндік берді?
– Мемлекеттік грант мен үшін өз кәсібімді бастауға үлкен мүмкіндік болды. Алған қаражатымды қажетті құрал-жабдықтар мен кәсіпті дамытуға бағыттап, кондитерлік және нан өнімдерін дайындауды қолға алдым. Бүгінде өзімнің кәсібім бар, тұрақты табыс тауып отырмын. Сонымен қатар бір азаматты жұмыспен қамтып отырмын.
– Кәсіп бастағысы келетін азаматтарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Ең бастысы – өзіңе ұнайтын, қолыңнан келетін істі таңдап, мүмкіндікті тиімді пайдалану. Мемлекеттік қолдау болса, оны дұрыс бағытқа жұмсап, кәсібіңді дамытуға болады. Мен үшін грант – кәсіп бастауға жасалған нақты қолдау.
Бүгінде Сәуле Жұмабайқызының шағын кәсібі ауыл тұрғындарына нан және кондитерлік өнімдер ұсынып қана қоймай, жаңа жұмыс орнының ашылуына және отбасы табысының артуына мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекеттік гранттың тиімділігі де осында – азаматқа дайын табыс емес, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік беретін кәсіп бастауға жол ашады.
