Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, іске асқан жобалар мен алдағы міндеттер жан-жақты талқыланды.
Ақ кимешекпен ерекшеленген ауыл әжелері кездесудің ерекше көрінісіне айналды. Қариялар ақ батасын беріп, ауылға жасалған игі істерге ризашылықтарын білдірді. Ауыл тұрғындары өз кезегінде бұған дейін көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып, бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асқанын атап өтті. Округ әкімі Базар Жаппарқұлов өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, нақты нәтижелерді баяндады.
